ІІМ тоқсанды қорытындылады: қылмыс деңгейі төмендеп, істердің ашылу көрсеткіші жақсарды
© Сурет: ҚР ІІМ
ІІМ кеңейтілген алқа отырысында 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы жедел қызмет қорытындысын шығарды. Министр Ержан Сәденовтың айтуынша, жұмыстың негізгі бағыты ретінде конституциялық деңгейде бекітілген "Заң мен Тәртіп" қағидаты айқындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы атап өткендей, Заң мен Тәртіп идеологиясы қоғамның барлық саласында негізгі басымдыққа айналуы тиіс.Бұл құқықтық сананы нығайтуды және заңды бұлжытпай сақтауды талап етеді.
Ведомство дерегінше, аталған кезеңде өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қылмыс деңгейі 9%-ға немесе 2150 қылмысқа азайған. Қылмыстың төмендеуі барлық негізгі санаттар бойынша байқалады.
Сондай-ақ, бұрын сотты болғандармен, кәмелетке толмағандармен, мас күйінде, қоғамдық орындарда және тұрмыста жасалатын құқықбұзушылықтар саны төмендеген. Бұл ретте, барлық санаттағы қылмыстардың ашылу деңгейі артқан.
Интернет-алаяқтық фактілері де азайған. Қылмыстың бұл түрі бойынша ашылу көрсеткіші артты. Аккаунттарды бұзу, криптовалюталар, онлайн-қарыздар және жалған интернет-ресурстарға байланысты алаяқтықтар саны қысқарған.
Мұнымен қоса, 3,6 млн астам әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді, бұл олардың ауыр қылмыстарға ұласуының алдын алуға мүмкіндік берді. "Таза Қазақстан" қағидаты аясында 722 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталып, 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс орындары жойылды.
Жол қауіпсіздігі саласында 3 млн астам жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі тоқтатылып, бұл жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар мен жарақат алғандардың санын азайтуға ықпал етті.
Ведомство басшысы барлық мемлекеттік органдар мен қоғамды тарта отырып, жүйелі профилактикалық жұмысты күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ барлық бағыттар бойынша жасанды интеллект элементтерін енгізу, цифрлық құралдарды одан әрі дамыту қажеттігі атап өтілді.
Бұрынғы жылдары жасалған қылмыстарды қоса алғанда, жалпы қылмыстарды ашу деңгейін арттыру, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын жақсарту және жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуді қамтамасыз ету міндеті қойылды.
Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, қылмыстық істерді тергеуде созбалаңдыққа жол бермеуге, халықтың барлық өтініштері мен шағымдарына жедел әрекет етуге ерекше назар аударылды.
Одан бөлек, қызметтік-әскери тәртіпті нығайту, жауынгерлік және дене дайындығы деңгейін арттыру басым бағыт ретінде айқындалды. Жеке құрамға бақылауды күшейтіп, әрбір құқықбұзушылық фактісіне принципті баға беру және жауапкершіліктен бұлтартпауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Қызметтік тәртіптің жай-күйі мен атқарылған жұмыстардың нәтижелері үшін басшылардың жеке жауапкершілігі ерекше атап өтілді.
Бұған дейін Түркістанда полиция камералар көмегімен ереже бұзған 300-ден астам жүргізушіні әшкерелегенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:55, 11 сәуір 2026
АҚШ-та ашыққан бір жасар сәби жәндік жеп, көз жұмды
-
13:27, 11 сәуір 2026
Астанадан ұшатын жолаушыларға маңызды ескерту жасалды
-
12:53, 11 сәуір 2026
11 сәуірдегі Астана мен Алматыдағы валюта бағамы
-
12:25, 11 сәуір 2026
Зейнетақы жинақтарынан ақша алуға көмектесемін деп сан соқтырған алаяққа үкім кесілді
-
11:49, 11 сәуір 2026
Иран делегациясы АҚШ-пен келіссөз жүргізу үшін Пәкістанға келді





