Қостанайда құрылыс дүкені курьерлерін соққыға жықты, көліктеріне зақым келтірді
© Фото: pexels
Қостанайда құрылыс дүкені қызметкерлеріне өрескел шабуыл жасалды. Оқиға жұмысшылардың қызметтік міндетін атқару барысында, яғни тауар жеткізу кезінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға телефон камерасына түсіп қалған, кейін бейнежазба желіде тараған. Куәгерлер түсірген кадрларда агрессивті ер адамның "Газель" көлігінің шанағы мен әйнектерін сындырып, кейін жүргізушіге шабуыл жасап, бірнеше соққы жасағаны көруге болады.
Бейнежазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында кең талқыланып, олар бұзақыларға қатаң жаза қолдануды талап еткен.
Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлға анықталып, полицияға жеткізілген.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға, сондай-ақ басқа да ықтимал қатысушылар мен куәгерлерді табуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады 2026 жылғы 10 сәуірде Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:10, 10 сәуір 2026
Ақмола облысында бейтаныс адам мешіттегі қайырымдылыққа жиналған ақшаны ұрлап кеткен
-
20:22, 10 сәуір 2026
Атырауда Мемлекет басшысының тапсырмасымен Atyrau Creative Hub ашылды
-
20:05, 10 сәуір 2026
11 сәуірде елдің қай өңірлерінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:53, 10 сәуір 2026
Алматыда екі ер адам қарумен және есірткінің ірі партиясымен ұсталды
-
19:53, 10 сәуір 2026
Алматыда заңсыз айналымнан «синтетиканың» ірі партиясы тәркіленді





