Алматыда заңсыз айналымнан «синтетиканың» ірі партиясы тәркіленді
© Фото: zakon.kz
Алматыда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық әрекеттің жолын кесті
Жедел іс-шара барысында екі күдікті ұсталды. Олар мінген автокөлікті тексеру кезінде жүк салғыштан өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ зат салынған орамалар табылды.
Тәркіленген заттың жалпы салмағы шамамен — 1 келі.
Сонымен қатар көлік ішінен қолдан жасалған белгілері бар тегіс ұңғылы қару және оқ-дәрілер анықталып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
"Синтетикалық есірткілердің таралу арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыс ерекше бақылауда. Әрбір осындай операция – азаматтардың, әсіресе жастардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіптің алдын алу. Полиция есірткі қылмысына қарсы күресті жүйелі түрде жалғастырады", — деп атап өтті Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Батыржан Әбдумасаров.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:10, 10 сәуір 2026
Ақмола облысында бейтаныс адам мешіттегі қайырымдылыққа жиналған ақшаны ұрлап кеткен
-
20:22, 10 сәуір 2026
Атырауда Мемлекет басшысының тапсырмасымен Atyrau Creative Hub ашылды
-
20:05, 10 сәуір 2026
11 сәуірде елдің қай өңірлерінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:53, 10 сәуір 2026
Алматыда екі ер адам қарумен және есірткінің ірі партиясымен ұсталды
-
19:50, 10 сәуір 2026
Қостанайда ер адаи құрылыс дүкені курьерлерін соққыға жығып, көліктеріне зақым келтірген





