Мұнай қайта қымбаттап жатыр

14:51, 10 сәуір 2026

© Фото: pexels

Бүгін таңертең әлем нарығында мұнай қайта көтеріле бастады.

Соңғы мәліметке қарағанда, оның Brent маркасы баррелінің құны 1 пайызға жуық өсіп, 96 доллар 75 центке жеткен. Ал америкалық маркасы 99 долларға дейін қымбаттады, деп жазады qazaqstan.tv.

Көмірсутегі бағасының өсуіне Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына жасалған шабуылдар кесірінен өндірістің жүздеген мың баррельге кемуі себеп.

Бұған қоса АҚШ пен Иран атысты екі аптаға тоқтатуға келіссе де, әлем мұнайының бестен бірі өтетін Ормұз бұғазы әлі жабық тұр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!