Шымкентте 11 сәуірде «Таза қала» жалпықалалық сенбілігі өтеді

18:47, 10 сәуір 2026

© Сурет: akorda.kz

2026 жылғы 11 сәуір күні Шымкент қаласында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясындағы "Таза қала" жалпықалалық сенбілігі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған акция барысында қала аумағындағы 5 аудан бойынша тазалық жұмыстары жүргізіледі.

Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Олар:

Абай ауданы:

  • "Шымсити" саябағы (Алатау, Абылай хан, Әбілхайыр хан көшелерінің бойы);
  • Асар шағын ауданы (Жейхун көшесінің бойы, көпқабатты тұрғын үйлер маңы);
  • Ақжайық шағын ауданы (Қ. Төлеметов және Көкшетау көшелерінің бойы, көпқабатты тұрғын үйлер маңы).

Әл-Фараби ауданы:

  • Сәуле шағын ауданы (Отырартөбе көшесі, Көксай-1, Көксай-2 және Көксай-3 көшелері).

Еңбекші ауданы:

  • Қапал батыр көшесі (көпір маңы);
  • Қаратөбе тас жолы;
  • Қапал батыр көшесі (ШМӨЗ баратын жол).

Қаратау ауданы:

  • Нұртас шағын ауданы (Д. Қонаев атындағы мектеп жанындағы автотұрақ).

Тұран ауданы:

  • Самал-1 шағын ауданы (Өтегенов және Алтынжол көшелерінің қиылысы).

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!