Алматыда полицейлер көліктен шыққан өртті дер кезінде сөндірді
© Сурет: polisia.kz
Кешкі сағат жетілер шамасында "102" пультіне Қажымұқан көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің ауласында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері үш минут ішінде жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Анықталғандай, Lexus автокөлігінен өрт шыққан. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің одан әрі таралуы мен ықтимал жарылыстың алдын алу мүмкін болды.
Жақын маңдағы тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру, сондай-ақ аумақта тұрған көліктерді қауіпсіз жерге жылжыту шаралары қабылданды.
"Хабарлама түскен бойда дереу оқиға орнына келдік. Жағдай жедел әрекет етуді талап етті, өрттің таралу және жарылыс қаупі болды. Ең алдымен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз еттік: тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарып, аумақты көліктерден босату шараларын қабылдадық. Үйлесімді іс-қимылдың нәтижесінде ауыр салдарға жол берілмеді", – деді Медеу аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Бағдат Әукен.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, ауыр зардаптарға жол берілмеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:22, 10 сәуір 2026
Атырауда Мемлекет басшысының тапсырмасымен Atyrau Creative Hub ашылды
-
20:05, 10 сәуір 2026
11 сәуірде елдің қай өңірлерінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:53, 10 сәуір 2026
Алматыда екі ер адам қарумен және есірткінің ірі партиясымен ұсталды
-
19:53, 10 сәуір 2026
Алматыда заңсыз айналымнан «синтетиканың» ірі партиясы тәркіленді
-
19:50, 10 сәуір 2026
Қостанайда ер адаи құрылыс дүкені курьерлерін соққыға жығып, көліктеріне зақым келтірген





