Атырауда Мемлекет басшысының тапсырмасымен Atyrau Creative Hub ашылды
© Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Атырау қаласында жастар мен шығармашыл қауымға арналған Atyrau Creative Hub өз жұмысын бастады. Орталықтың ашылуына орай Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов хабқа арнайы барып, оның жұмысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа орталық өңірдегі креатив индустрияны дамытуға, жас таланттардың әлеуетін арттыруға және заманауи идеяларды жүзеге асыруға бағытталған.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Хаб өкілі Дәурен Сейітқалиевтың айтуынша, мұнда медиа, дизайн, ІТ және кәсіпкерлік бағыттары бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қатысушылар өз жобаларын ұсынып, кәсіби мамандардан кеңес алып, түрлі шеберлік сағаттары мен оқыту тренингтеріне қатыса алады.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Еркін форматта өткен кездесуде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Креативті индустриялар департаментінің директоры Айгерім Жонкина бұл бастама Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Оның айтуынша, бүгінде еліміздің 20 өңірінде осындай креатив хабтар ашылып, жұмысын бастап үлгерген. Енді бұл қатарға Атырау қаласы да қосылып отыр.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мамандардың пікірінше, креатив хаб шығармашыл жастардың жобаларын дамытуға, оларды коммерцияландыруға және кең аудиторияға танытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл алаң стартап бастамаларды қолдауға және жаңа идеялардың іске асуына жол ашады.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңа орталық жастардың белсенділігін арттырып, өңірдің шығармашылық және кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға серпін береді деп күтіліп отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:10, 10 сәуір 2026
Ақмола облысында бейтаныс адам мешіттегі қайырымдылыққа жиналған ақшаны ұрлап кеткен
-
20:05, 10 сәуір 2026
11 сәуірде елдің қай өңірлерінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:53, 10 сәуір 2026
Алматыда екі ер адам қарумен және есірткінің ірі партиясымен ұсталды
-
19:53, 10 сәуір 2026
Алматыда заңсыз айналымнан «синтетиканың» ірі партиясы тәркіленді
-
19:50, 10 сәуір 2026
Қостанайда ер адаи құрылыс дүкені курьерлерін соққыға жығып, көліктеріне зақым келтірген





