Қазақстандық танымал теннисші Зарина Дияс карьерасын аяқтады
© Сурет: instagram.com/zarinadiyas
Қазақстанның белгілі теннисшісі Зарина Дияс бүгін, 2026 жылғы 10 сәуірде маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
32 жастағы спортшы кәсіби карьерасын аяқтайтынын айтты.
"Бүгін өмірімдегі ең маңызды тараудың бірін жабамын – кәсіби теннис карьерамды аяқтаймын. Бұл керемет жол болды… Алматыдан шыққан, бала кезінен әлемдік ареналарда ойнауды, турнирлер ұтуды және әлемнің үздіктерінің бірі болуды армандаған қыздың жолы. Сол арманның шындыққа айналғанына әлі де сене алмаймын: турнирлердегі жеңістер, әлемдік рейтингтің үздік 30 қатарына кіру және Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғау құрметі. Мен Қазақстан құрамасында өнер көрсеткеніме, елімнің атынан кортқа шыққаныма және Қазақстанды әлемдік аренада таныстырғаныма мақтанамын", – деп жазды Зарина Дияс Instagram-дағы парақшасында.
Бұл, теннисшінің айтуынша, оның жүрегінде мәңгі сақталады.
"Теннис маған көп нәрсе берді, ол мені мықты болуға, берілмеуге, қандай жағдай болса да, алға ұмтылуға үйретті. Қиын кезеңдер де болды, бірақ жеңістер, эмоциялар мен сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, ұмытылмайтын сәттер де болды…", – деді Зарина Дияс.
Ол өзіне қолдау көрсеткендердің бәріне алғыс айтты.
"Жанкүйерлеріме – сіздер маған керемет күш-қуат бердіңіздер, сіздер менің тірегім болдыңыздар. Отбасым… Маған бұл спортқа жол ашқан, сенім мен махаббатын әр күн сайын сыйлаған анама. Қолдау көрсеткен әпкем Алиссаға. Командам, бапкерлерім, достарым, демеушілерім және Қазақстан теннис федерациясына қолдағаны мен үлес қосқаны үшін рақмет", – деді Зарина Дияс.
Теннисші спорттан мақтанышпен, алғыс сезімімен және абыроймен кететінін айтты.
"Өмірімнің жаңа тарауы басталады. Бәріңізді жақсы көремін", – деп түйіндеді Зарина Дияс.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:05, 10 сәуір 2026
11 сәуірде елдің қай өңірлерінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:53, 10 сәуір 2026
Алматыда екі ер адам қарумен және есірткінің ірі партиясымен ұсталды
-
19:53, 10 сәуір 2026
Алматыда заңсыз айналымнан «синтетиканың» ірі партиясы тәркіленді
-
19:50, 10 сәуір 2026
Қостанайда ер адаи құрылыс дүкені курьерлерін соққыға жығып, көліктеріне зақым келтірген
-
19:50, 10 сәуір 2026
Қостанайда құрылыс дүкені курьерлерін соққыға жықты, көліктеріне зақым келтірді





