Қостанайда ер адаи құрылыс дүкені курьерлерін соққыға жығып, көліктеріне зақым келтірген

19:50, 10 сәуір 2026

© Фото: pexels

Қостанайда құрылыс дүкені қызметкерлеріне өрескел шабуыл жасалды. Оқиға жұмысшылардың қызметтік міндетін атқару барысында, яғни тауар жеткізу кезінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға телефон камерасына түсіп қалған, кейін бейнежазба желіде тараған. Куәгерлер түсірген кадрларда агрессивті ер адамның "Газель" көлігінің шанағы мен әйнектерін сындырып, кейін жүргізушіге шабуыл жасап, бірнеше соққы жасағаны көруге болады.

Бейнежазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында кең талқыланып, олар бұзақыларға қатаң жаза қолдануды талап еткен.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлға анықталып, полицияға жеткізілген.


"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға, сондай-ақ басқа да ықтимал қатысушылар мен куәгерлерді табуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне 2026 жылғы 10 сәуірде.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!