Хорватияда дзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінде отандық спортшы алтын медаль иеленді

21:06, 13 қыркүйек 2024

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Загребтегі (Хорватия) Гран-при турнирінде чемпион атанды, деп жазады Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, 60 келі салмақта белдескен Шерзод финалда әзербайжандық Ахмад Юсифовты жеңді.

Кездесу мерзімінен бұрын аяқталды.

Осылайша, қазақстандық дзюдошы әлемдік жарыстың алтын жүлдесін алды.

Бұған дейін 48 келі салмақта сынға түскен Ғалия Тынбаева финалда жапондық Вакана Когаға жол беріп, күміс медаль иеленгенін хабарлаған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!