Ғани Нығыметов ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды
© Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ғани Нығыметов ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғани Нығыметов 1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Монтерей халықаралық зерттеулер институтын (АҚШ), NU оқу орнын бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан жастары конгресінде бастаған.
2007–2009 жылдары — ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкінің жанындағы "Ұлттық талдау орталығы" АҚ Мемлекеттік басқару департаментінің талдаушы-сарапшысы, жоба менеджері.
2009–2012 жылдары — "Назарбаев Университеті" АҚ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры.
2012–2013 жылдары — бас директордың даму жөніндегі орынбасары – "Энергетикалық зерттеулер орталығы" ЖМ Ғылым жөніндегі орталық кеңсесінің директоры, "Nazarbayev University Research & Innovation System" ЖМ бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры.
2013–2016 жылдары — "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті.
2016–2017 жылдары — "Стратегиялық бастамалар орталығы" ЖШС атқарушы директоры.
2017–2018 жылдары — "Еуразиялық интеграция институты" ЖШС директоры.
2018–2020 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі.
2020–2022 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2022–2023 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
2023–2024 жылдары — ҚР Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары.
2024 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті" КеАҚ ректоры болып жұмыс істеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:31, 16 қараша 2026
Тоқаев мәслихат сайлауына қатысты тапсырма берді
-
17:27, 16 қараша 2026
Алматыда өртенген жеңіл атлетика манежі қалпына келтіріледі
-
17:10, 16 қараша 2026
Таразда 102 нөміріне хабарласып, полиция қызметкерін балағаттаған ер адам жазаланды
-
17:06, 16 қараша 2026
Дмитрий Панарин бадминтоннан халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
-
16:57, 16 қараша 2026
Индонезияда жойқын құйын төрт аудандағы жүздеген ғимаратты қиратты





