Дмитрий Панарин бадминтоннан халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды

17:06, 16 қараша 2026
MKZ: 1578005

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық спортшы Дмитрий Панарин бадминтоннан Лусакада (Замбия Республикасы) өткен халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз аталған жарыста финалға дейін жетті. Ақтық сында Дмитрий Панарин үндістандық Манав Чоудхаримен кездесіп, қарсыласына 2:1 (21:19, 14:21, 20:22) есебімен жол берді.

Ал БАӘ өкілдері Бхарат Латиш мен Дев Вишну жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!