48 сағатта үш жұп егіз: Маңғыстауда ерекше жағдай тіркелді
© Сурет: facebook/cok.mangystau
Маңғыстау облысында ерекше жағдай тіркелді. Екі күннің ішінде облыстық "Ана мен бала" перинаталдық орталығында бірден үш жұп егіз дүниеге келді. Алты сәбидің ата-анасы атанған үш отбасы қуанышқа бөленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алғашқы егіздер 2026 жылғы 13 қарашада дүниеге келді. Ұл бала сағат 14:00-де салмағы 2 740 грамм, бойы 51 сантиметр болып туған. Ал оның қарындасы тоғыз минуттан кейін, сағат 14:09-да өмірге келді. Қыз баланың салмағы 2 830 грамм, бойы 52 сантиметр болды.
Сол күні бірнеше сағаттан кейін орталықта тағы бір жұп егіз дүниеге келді. Сағат 17:16 және 17:33-те екі ұл бала туған. Олардың салмағы тиісінше 2 430 және 2 290 грамм болса, бойлары 46 сантиметрді құрады.
Келесі күні, 14 қарашада, перинаталдық орталықта үшінші жұп егіз өмірге келді.
"Сағат 11:58-де салмағы 3 080 грамм, бойы 51 сантиметр ұл бала дүниеге келді. Ал сағат 12:15-те салмағы 2 960 грамм, бойы 52 сантиметр қыз бала туды", – делінген хабарламада.
Әзірге ата-аналардың барлығы сәбилеріне есім таңдап үлгермеген. Белгілі болғандай, әртүрлі жынысты егіздердің бір жұбына Ануар және Ақнұр есімдері берілген.
Айта кетейік, 2026 жылғы 4 қыркүйекте Алматыдағы бір перинаталдық орталықта бір айдың ішінде екі үшем дүниеге келгені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:03, 16 қараша 2026
Әкесінің салғырттығынан бес жастағы қыз абайсызда сіңлісін атып өлтірді
-
09:54, 16 қараша 2026
Шығыс Қазақстанда тас көшкіні жолды жартылай бөгеді
-
09:38, 16 қараша 2026
АҚШ-та ер адам бұрынғы әйелінің құрбысын жержаңғақ пастасы арқылы өлтірмек болған
-
09:24, 16 қараша 2026
Димаш Құдайберген Мексикадағы ерекше сыйлығын көрсетті
-
09:17, 16 қараша 2026
Жәнібек Әлімханұлы күтпеген шешімінің себебін түсіндіріп, жанкүйерлерін қызықтырып қойды





