Ғалия Тынбаева дзюдодан Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

20:58, 13 қыркүйек 2024

© Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті

Дзюдодан Загребтегі Гран-при турнирінде қазақстандық Ғалия Тынбаева күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комиетінің хабарлауынша, 48 келі салмақта сынға түскен Тынбаева финалда жапондық Вакана Когамен кездесіп, қарсыласқа жол берді.

Осылайша, Ғалия әлемдік турнирдің күмісіне қол жеткізді.

Бұған дейін дзюдодан үш спортшымыз Гран-при турнирінің финалына шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!