Астанада адвокат клиентінен 7 млн теңге бопсалағаны үшін сотталды
© Фото: pixabay
Астанада адвокат қамауға алынған клиентіне үйқамаққа шығуға көмектесетінін айтып, ақша талап еткен. Алайда әйел оның ұсынысынан бас тартып, құқық қорғау органдарына хабарлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Адвокат мәселені шешіп беру үшін 7 млн теңге сұраған. Ол мемлекеттік органдардағы байланыстарын пайдалана алатынын айтқан.
"Әйел заңсыз келісімге қатысудан бас тартып, құқық қорғау органдарына жүгінді. Жедел іс-шаралар нәтижесінде адвокат ақшаны алғаннан кейін бірден ұсталды", – деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасы.
Сот адвокатты екі жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар оған алты жыл бойы заңгерлік практикамен айналысуға тыйым салынды.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:00, 28 қараша 2026
ІІМ студенттерді зорлық-зомбылық пен бопсалау фактілерін жасырмауға үндеді
-
13:22, 28 қараша 2026
Батырхан Төлеуғали Астанадағы Гран-придің жартылай финалына шықты
-
13:03, 28 қараша 2026
Таеквондошы Мария Севостьянова елордадағы Гран-придегі алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды
-
12:40, 28 қараша 2026
Алматының 2-ЖЭО-сында жаңа жабдықтар 25 желтоқсанға дейін іске қосылады
-
12:20, 28 қараша 2026
Батырхан Төлеуғали таеквондодан Астанадағы Гран-приде әлем чемпионын жеңді





