«Ешкімге де ерекшелік жасалмайды» – полицейлер бес күнде жүргізу құқығынан айырылған 245 жүргізушіні ұстады
© Фото: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі (ІІМ) көлік жүргізу құқығынан айырылса да, рөлге отыруын жалғастырып жүрген азаматтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақбота Боранова жолдағы қауіпсіздік әрқайсымызға байланысты екенін еске салды.
"Өкінішке қарай, кейбір жүргізушілер көлік жүргізу құқығынан айырылғаннан кейін де рөлге отырады. Олар соттың тыйымын біле тұра заң бұзып, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіреді. Соңғы бес күннің өзінде полиция осындай 245 жүргізушіні ұстады. Олардың 115-і әкімшілік қамаққа алынды, тағы 130-ына айыппұл салынды. 245 көліктің барлығы айып тұрағына қойылды", – деді Ақбота Боранова.
Ол бұл мәселеде ІІМ ұстанымы айқын екенін атап өтті. Көлік жүргізу құқығынан айырылған адамға рөлге отыруға толық тыйым салынады.
"Ешкімге де ерекшелік жасалмайды. Полиция мұндай заң бұзушылықтардың жолын қатаң кеседі. Өйткені бұл жерде ереже сақтаумен қатар, адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі де сөз болып отыр", – деді Ақбота Боранова.
Заң мен тәртіп әрқайсымыздың жауапкершілігімізден басталады.
2026 жылғы 18 қарашада ІІМ қазақстандықтарға терроризм туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескерткен еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:33, 20 қараша 2026
Италиялық клуб итпен келісімшартқа отырды
-
10:24, 20 қараша 2026
Арнайы экономикалық аймақтарда жер бөлу тәртібі жаңарды
-
10:16, 20 қараша 2026
Қала ұйқыға кеткенде түнгі Алматының тіршілігін кім қамтамасыз етеді
-
10:03, 20 қараша 2026
Күн суығанда қауіп артады: ТЖМ көлік жүргізушілеріне маңызды ескерту жасады
-
09:59, 20 қараша 2026
Қазақстан алғаш рет БҰҰ рейтингінің үздік 20 елі қатарына және ең жоғары рейтингілік топқа енді





