Елордада «SOS» батырмасы арқылы жоғалған бала дер кезінде табылды
© Сурет: ҚР ІІМ
Елордада қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында 25 арнайы "SOS" батырмасы орнатылған. Бұл батырмалар арқылы тұрғындар шұғыл жағдайда бірден полицияның көмегіне жүгіне алады.
Жыл басынан бері осындай батырмалар арқылы 24 шұғыл хабарлама келіп түсті. Солардың бірі – жақында елордадағы темір жол вокзалы маңында болған оқиға.
Кешкі сағат 22:00-ден кейін белгісіз тұрғын вокзал маңында кішкентай баланың жалғыз жүргенін байқап, алаңдаушылық білдіріп, жақын маңдағы "SOS" батырмасы арқылы полицияға хабар берді.
Патрульдік полиция қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына жетіп, 9 жастағы баланы тауып, оның жанында ересек адамдардың болмағанын анықтады.
Баламен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оның тұрғылықты мекенжайы мен анасын анықтағаннан кейін бала анасына аман-есен тапсырылды. Бұл жағдай "SOS" батырмаларының қала қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қаншалықты маңызды екенін көрсетті.
Мұндай технологиялар азаматтардың белсенді қатысуымен бірге тәртіп сақшыларына уақытылы әрекет етуге мүмкіндік береді. Полиция тұрғындарды бейжай қалмауға және қоғамдық қауіпсіздікке ортақ жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:08, 16 желтоқсан 2025
Ауа райына байланысты бес бағыт бойынша пойызға қосымша орындар ашылды
-
18:52, 16 желтоқсан 2025
Димаш Құдайбергеннің қарындасының патриоттық видеосы желіде қызу талқыланып жатыр
-
18:31, 16 желтоқсан 2025
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтар эстафетада қалай өнер көрсетті
-
18:20, 16 желтоқсан 2025
Ауа райы күрт бұзылады: Астанада, Алматыда және өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
-
18:11, 16 желтоқсан 2025
Қостанайда көпқабатты үйде жиһаз өртеніп, түтін толған ғимараттан ондаған адам эвакуацияланды





