Еліміздегі шипажайлардың бірінде инемен емдеу кезінде әйел адамның өкпесі тесілген
© Сурет: pixabay
Еліміздің шығысындағы шипажайлардың бірінде болған Қазақстан тұрғыны инемен емдеу шарасы кезінде зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы жәбірленушінің қызы әлеуметтік желіде жазба жариялады.
Жазба авторының айтуынша, инемен емдеу сеансы кезінде анасының өкпесі тесілген:
"Ол кеудесінің ауырып кеткенін айтқанда дәрігер ешқандай әрекет жасамады, басқа науқастарға барып, шамамен 20 минуттай жүріп алды. Процедурадан кейін ол инелерді алып тастады, ал анасы өз бөлмесіне кеткен. Келесі күні анамның жағдайы күрт нашарлады. Шемонаиха ауданынан шақырылған жедел жәрдем қызметі жүрек талмасына қатысты күдік келтірді. Тексеруден кейін жедел жәрдем қызметі инфаркт күдігін жоққа шығарды және одан әрі тексерілу үшін Өскеменге баруды ұсынды".
Қалада әйел рентгенге түскен.
"Диагнозы жаға ұстатарлық болды: пневмоторакс, өкпенің тесілуі. Пункцияның арқасында плевра аймағынан 1,5 литр ауа шықты, бұл оның өмірін сақтап қалды", делінген жазбаның соңғы бөлігінде.
Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметіне жүгінді. Олар 2025 жылғы 19 желтоқсанда Шемонаиха ауданының полиция бөліміне белгіленген тәртіппен тіркелген өтініш келіп түскенін нақтылады.
"Жиналған материал құзыреті шегінде қарау және шешім қабылдау үшін "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаменті" РММ-ге жолданды". ШҚО ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін Астана қаласының әкімі жол апатына ұшыраған автобуста қысылып қалып, екі аяғынан айырылған қыздың қазіргі жағдайы қандай екенін айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:47, 23 желтоқсан 2025
Иран газ экспорттауды кілт тоқтатып, Ирактың энергетикасы саласына үлкен залал келді
-
20:44, 23 желтоқсан 2025
Трамп Тоқаевпен болған диалогты жоғары бағалап, оны Майамидегі G20 саммитіне шақыруды жоспарлап отыр
-
20:12, 23 желтоқсан 2025
Түркістан облысында жеңіл көлік көшедегі бас шыршаға соғылды
-
19:57, 23 желтоқсан 2025
Мен геноцидке қарсымын! Лондонда тыйым салынған қозғалысты қолдаған Грета Тунберг қамауға алынды
-
19:31, 23 желтоқсан 2025
Трамппен телефон арқылы сөйлескен Тоқаев оны Қазақстанға сапармен келуге шақырды





