13 жасар қыз әпкесінің күйеуінен жүкті болып қалған

11:36, 23 желтоқсан 2025

© Фото: pexels

Әзірбайжанның 37 жастағы тұрғыны 14 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас туралы бап бойынша кінәлі деп танылды. Ер адам жұбайының 13 жасар жиенімен жақын қарым-қатынаста болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

1news.az басылымының жазуынша, тергеу бұл қарым-қатынас кәмелетке толмаған қыздың келісімімен болғанын анықтады. Ал, ер адам болса қызға үйленуге уәде беріп, оны сүйетінін айтқан.

Оқиға сәуір айында ер адамның жұбайы да, олардың үш баласы да үйде болған түні орын алған.

Сот шешімімен ер адамға үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұған дейін Испанияда бақилық болған кейуананы ұшақ бортына ұйықтап жатқан адам ретінде жеткізгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!