Қазақстанда кәсіпкерлерге көмек ретінде «Халық бухгалтері» акциясы басталады
© Сурет: primeminister.kz
Қаржы министрлігі кәсіпкерлерге салық есебін жүргізуге көмектесу үшін "Халық бухгалтері" акциясын бастайды. Бұл туралы ҚР қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Акцияның мақсаты – жеке кәсіпкерлер (ЖК) мен шағын бизнес субъектілеріне бухгалтерлік және салықтық есепті дайындау және тапсыру кезінде консультациялық көмек көрсету.
Өткізу форматтары:
- ресми ресурстар арқылы онлайн-консультациялар, оның ішінде жеке Telegram-арнасы құрылады;
- офлайн және онлайн вебинарлар;
- есепті кезеңдердегі тақырыптық консультациялық сессиялар.
Акцияға қатысуға:
- кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар;
- кәсіби бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері;
- аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының мамандары (түсіндірме жұмыстарын жүргізу бөлігінде).
"Акцияны бірінші жартыжылдықта өткізуді ұсынамыз. Мемлекеттік кірістер комитеті өз тарапынан сервистік модельді енгізу және бизнес үшін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі жұмысты күшейтеді", — деп толықтырды Мәди Такиев.
Айта кетейік, Қазақстанда жыл сайын "Халық заңгері" республикалық акциясы өтеді. 2025 жылы акция аясында 120 мыңнан астам қазақстандық елдің үздік мамандарынан кәсіби кеңес алып, күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік алды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:46, 23 желтоқсан 2025
Үкімет ет экспортына шектеу қойды – Жұманғарин пікір білдірді
-
13:40, 23 желтоқсан 2025
Францияда бойжеткенді жыныстық-құлдыққа салғандарға үкім шықты
-
13:35, 23 желтоқсан 2025
«Болжаумен айналыспаймын»: Жұманғарин ет бағалары туралы пікір білдірді
-
13:24, 23 желтоқсан 2025
Қазақстандық 43 рет жол ережесін бұзған соң автокөлігінен айырылды
-
13:15, 23 желтоқсан 2025
Мемлекеттік қызметкерлерге жаңа мораторий енгізу мүмкіндігі талқыланды – Жұманғарин





