Үкімет ет экспортына шектеу қойды – Жұманғарин пікір білдірді
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Вице-премьер Серік Жұманғарин 2025 жылғы 23 желтоқсанда Үкіметте өткен брифингте сиыр етін экспортқа шығару шектеулерінің енгізілу себептерін атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің айтуынша, үкімет нарықтағы ет балансына мұқият бақылау жүргізуде.
"Біз рекордтық көрсеткішке жақындап келеміз – шамамен 30 мың тоннаны экспорттадық, және 40 мың тоннаны экспорттай аламыз. Бірақ бұл ішкі нарықтағы бағаға әсер етеді. Сондықтан біз экспорт мүмкіндігін өзінде жеке мал бордақылау алаңдары мен ет комбинаттары бар кәсіпорындарға квоталадық. Өйткені экспорт тек ет комбинатынан жүзеге асады", – деді Жұманғарин.
Оның сөзінше, бұл шара Қазақстан мал шаруашылығының тиімді әлеуетін пайдалану үшін қажет.
"Тиімсіз жағдай болмауы үшін, яғни қайда да бір жерден әлі жетілмеген, салмақ қоспаған малды түгел "құлатып" кетпеу үшін. Бұл біздің мал шаруашылығы әлеуетін тиімсіз пайдалану болып саналады. Экспортқа тыйым салу туралы сөз жоқ", – деп түсіндірді вице-премьер.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстанда сиыр етін экспорттауға қойылған шектеулер ұзартылған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:02, 23 желтоқсан 2025
Денсаулық сақтау министрлігі «Kinder» өнімдері жайлы тараған ақпаратқа түсініктеме берді
-
15:57, 23 желтоқсан 2025
Рудныйдың жылу желілерін жекешелендіру әзірге ерте – Құмар Ақсақалов
-
15:45, 23 желтоқсан 2025
23 желтоқсандағы саудада доллар бірден бес теңгеге арзандады
-
15:36, 23 желтоқсан 2025
Үкімет 2026 жылы бизнеске қосымша қаржылық қолдау көрсетеді
-
15:27, 23 желтоқсан 2025
Қазақстанда салық есептілігі қысқартылып, оны тапсырмағаны үшін айыппұл салу тоқтатылады





