Алматыда оқытушыға пышақ ала жүгірген студент: тың мәліметтер белгілі болды
© Сурет: pixabay
Алматыда оқытушыға пышақ ала жүгірген студентке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК дерегіне сүйенсек, оқиға өткен жұмада университет дәретханасында болған. Студент оқытушының артынан іле-шала кіріп, пышақпен мойнын жаралапты. Абырой болғанда, сондағы күзет пен өзге де студенттер байқап қалып, оларды ажыратып үлгерген.
Жарақат алған мұғалімді ауруханада тексеріп, кейін ол үйіне жіберілген.
"Екінші курс студенті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Егер ол кінәлі деп танылса, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін",- деп жазды телеарна.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, студент емтиханнан сүрініп, жазғы маусымға қалып қойғаны үшін ашуға булығып, осындай қадамға барған көрінеді. Дегенмен ALT University басшылығы мұны жоққа шығарып отыр. Яғни зардап шеккен оқытушы суық қару ұстаған студентке ешқашан дәріс оқымаған дейді.
Бұған дейін Астанада марихуана таратумен айналысқан күдікті ұсталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:23, 23 желтоқсан 2025
Қарағандыда оқушыларға бағытталған шабуыл туралы ақпараттан кейін полиция мектептердегі күзетті күшейтті
-
12:20, 23 желтоқсан 2025
Трамптың жақтастары оның денсаулығына алаңдаулы
-
12:07, 23 желтоқсан 2025
Бағдат Мусин Қазақстанда нейрочиптерді енгізу мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді
-
11:59, 23 желтоқсан 2025
Қазақстан атынан Чемпиондар лигасына кім қатысады: шарттары белгілі болды
-
11:46, 23 желтоқсан 2025
Алматыда Асанәлі Әшімовты соңғы сапарға шығарып салды – фоторепортаж





