Дональд Трамп Қазақстан президентіне Ақ үйдің символикалық кілтін сыйлады

09:45, 23 желтоқсан 2025

© Сурет: akorda.kz

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі Мағжан Ілиясов 2025 жылдың 16 желтоқсанында Президент Дональд Трампқа сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың 2025 жылдың 23 желтоқсанында таратқан ақпаратына сүйенсек, рәсімнен кейін тараптар қысқаша әңгімелесті.

Кездесу барысында АҚШ Президенті биыл қараша айында Ақ үйде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен кездесуден алған әсерімен бөлісті.

Дональд Трамп Мемлекет басшысына жылы лебізін білдіріп, оны "халықаралық үдерістерді терең білетін, жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, тамаша тұлға" деп сипаттады.

Сондай-ақ АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сый-сияпат жолдады. Олардың қатарында Ақ үйдің символикалық кілті мен Дональд Трамптың жеке қолтаңбасы қойылған бейсболка бар.

Сурет: akorda.kz

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!