Трамптың жақтастары оның денсаулығына алаңдаулы

12:20, 23 желтоқсан 2025

© Фото: flickr/Gage Skidmore

АҚШ президенті Дональд Трамптың денсаулығы көпшілікті алаңдатып қойды. Бұған Трамптың ұшақтан баяу түсуі себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Beast басылымының "Американы қайтадан ұлы етейік" қозғалысының белсендісі Пол Виллареалдың X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде жарияланған видеосына сілтеме жасай отырып жазуынша, республикашыл саясаткердің ұшақ баспалдағымен ыңғайсыз түсуі оның денсаулығына қатысты жаңа талқылауларға түрткі болды.

Бейнежазбада саясаткер төмен түсер алдында оң аяғын алақанымен үш рет қағып, содан кейін тұтқадан ұстап, баспалдақтан баяу түскені байқалады.

Ұшақтан түскен соң АҚШ басшысы күзет қызметкерлерімен бірге көлікке отырған. Көліктің терезесі арқылы оның қолына сусын құйылған бөтелке алғаны көрінеді. Алдын ала болжам бойынша, бұл диеталық кола болуы мүмкін.

Бұған дейін Трамптың ұшақтағы дәретхана маңында тілшілермен сұхбат құрып, келеңсіз жайтқа тап болғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!