Елімізде мемлекеттік тапсырыс арқылы кадрларды дарялауға болады

09:02, 30 желтоқсан 2024

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Қазақстанда кадр даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл сайын артып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024-2025 оқу жылына 94,2 мыңнан астам грант бөлінді.

  • 78,2 мыңнан астам грант бакалавриатқа,
  • 13,1 мыңы магистратураға,
  • 2,9 мыңы докторантураға.
"Жаңадан құрылған және халық тығыз қоныстанған облыстардың, батыс өңірлердің жастарына жыл сайын 5 мың нысаналы білім беру гранты бөлінеді",- делінген ақпаратта.
Елімізде мемлекеттік тапсырыс арқылы кадрларды дарялауға болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2024 09:02

Сурет: primeminister.kz

Байқау қорытындысы бойынша оқу грантының иегерлері:

  • 412 жетім бала,
  • 382 мүгедектігі бар жан,
  • көпбалалы отбасындағы 3,5 мың астам бала,
  • толық емес отбасындағы 933 бала,
  • мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардағы 437 бала.
Елімізде мемлекеттік тапсырыс арқылы кадрларды дарялауға болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2024 09:02

Сурет: primeminister.kz

Сондай-ақ, биыл қабылдау рәсімін өзгерту нәтижесінде 1,6 мыңнан астам этникалық қазақтар білім гранттарын алды.

Бұған дейін Сейілбек Нұрымбетовтың Су ресурстары министрлігі комитетінің төрағасы болып тағайындалғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!