Елена Рыбакина қазақстандықтарға үндеу жасады
© Сурет: instagram.com/lenarybakina
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жанкүйерлеріне маусым бойы және Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турнирі кезінде көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол өзінің үндеуін 11 қарашада Instagram-дағы парақшасында жариялады.
"Стадионда, экран алдында, хабарламалар мен жылы сөздер арқылы білдірген керемет қолдауларыңыз үшін әрқайсыңызға алғыс айтамын. Мен Қазақстанды танытып, сіздерге қуаныш пен жеңіс сыйлағаныма мақтанамын", - деп жазды спортшы.
Рыбакина, әсіресе, тенниспен айналысатын балалардың көбейіп келе жатқанына қуанатынын айтты.
"Егер менің ойыным сіздерді армандауға, еңбектенуге және өзіңізге сенуге шабыттандырса — бұл менің ең үлкен жеңісім", - деді ол.
Теннисшінің айтуынша, алда оны қысқа демалыс және келесі маусымға дайындық күтіп тұр.
"Жеңістер мен қиын сәттерде әрдайым менімен бірге болғандарыңыз үшін рақмет. Сіздердің сенімдеріңіз — менің тірегім. Кортта кездескенше! Алға, Қазақстан!", - деп қорытындылады Елена.
Айта кетейік, Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирін жеңіп алған Азиядағы тұңғыш теннисші атанды. Бұған дейін қытайлық Ли На (2013 жылы) мен Чжэн Циньвэнь (2024 жылы) финалға дейін жеткенімен, жеңіске жете алмаған еді.
Жақын күндері Рыбакинаға III дәрежелі "Барыс" ордені табысталмақ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:40, 26 маусым 2026
Жетісу облысында велосипед ұрлығына қатысы бар 61 жастағы ер адам ұсталды
-
22:09, 26 маусым 2026
Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды
-
21:37, 26 маусым 2026
Денис Сергиенко маунтинбайктан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
-
21:07, 26 маусым 2026
Алматыда Мемлекет басшысының атынан отандық БАҚ қызметкерлері марапатталды
-
20:43, 26 маусым 2026
Қазақстанда оқушыларды бағалау жүйесін қайта қарау жоспарланып отыр





