Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA-1000 халықаралық турниріне қатысудан бас тартты
© Сурет: Jimmie48 Photography, WTA
Әлемнің төртінші ракеткасы, Қазақстан теннисші Елена Рыбакина Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан WTA-1000 халықаралық турнирінде кортқа шығудан бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған турнир баспасөз қызметінің хабарлауынша, Рыбакинаның мұндай шешім қабылдауына арқасындағы жарақаты түрткі болған. 2023 жылы ол тура осы жарыстың жартылай финалына дейін жеткен болатын.
Рыбакина осымен үшінші турнирге қатысудан қатарынан бас тартты. Ол АҚШ-тың Ашық чемпионаты мен Сеулдегі Әлем чемпионатына қатыспады.
Бұған дейін Бейжіңде өтіп жатқан турнирде әлемнің тоғызыншы ракеткасы, грек спортшысы Мария Саккари, әлемнің 10-шы ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинз және әлемдік рейтинг көшбасшысы, польяк теннисшісі Ига Швентек өнер көрсете алмайтындарын мәлімдеген. Өткен жылғы финалда Швентек ресейлік теннисші Людмила Самсонованы 6:2, 6:2 есебімен жеңді.
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) 2024 жылдың 16 қыркүйегінде рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады. Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлі күнге дейін төртінші орынын сақтап тұр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:52, 22 қыркүйек 2024
Иранда шахтада жарылыс болып, 50 адам қаза тапты
-
15:32, 22 қыркүйек 2024
ҰҚК Алматыдағы Шекара академиясы курсантының қаза тапқаны туралы фактіні растады
-
14:47, 22 қыркүйек 2024
Анна Данилина WTA турнирлері аясындағы 11-ші олжасына қол жеткізді
-
14:11, 22 қыркүйек 2024
Санжар Тәшкенбай біршама үзілістен кейін шаршы алаңға оралды
-
13:53, 22 қыркүйек 2024
Енді ұшақта жолаушыларға тыңдау үшін қызықты ұлттық аудиоконтент ұсынылады