Иранда шахтада жарылыс болып, 50 адам қаза тапты
© Сурет: Х/Isna
Иранның Табас қаласындағы көмір шахтасында болған жарылыс салдарынан қаза тапқан адамдар саны 50-ге артты, тағы 20 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Tasnim агенттігі осындай мәлімет таратты. Алдын ала келтірілген деректерге сүйенсек, шахта туннельдерінің бірінде жиналған метан газы салдарынан күшті жарылыс болған. Жарылыс кезінде В және С блоктарында 69 адам болыпты.
"В блогынан 20 кенші сыртқа шығарылды, ал С блогындағы 30 адам түгелдей опат болды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр", деп жазады агенттік.
Бұған дейін қаза тапқан адамдар саны 30 деп хабарланған.
Табас көмір кеніші ел астанасы Тегераннан 540 шақырым жерде орналасқан.
Иран президенті Масуд Пезешкиан шахтада қалған кеншілерді құтқару және олардың отбасыларына көмек көрсету үшін бар күш-жігерді салуды бұйырды. Сондай-ақ ол оқиғаға қатысты тергеу басталғанын айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 22 қыркүйек 2024
Ғалымдар Мариан шұңғымасынан шығатын зор дыбыстың көзін тапты
-
17:38, 22 қыркүйек 2024
Еркін күрестен Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан сүйіктісіне ұсыныс жасады
-
16:51, 22 қыркүйек 2024
«Жаңбыр, тұман, найзағай». Еліміз бойынша 23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
-
16:42, 22 қыркүйек 2024
Қоғамдық орында үлкен дәретке отырған елордалық видеоға түсіп қалған
-
15:32, 22 қыркүйек 2024
ҰҚК Алматыдағы Шекара академиясы курсантының қаза тапқаны туралы фактіні растады