ҰҚК Алматыдағы Шекара академиясы курсантының қаза тапқаны туралы фактіні растады
© Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ҰҚК Шекара академиясы курсантының қаза тапқанын растады. Марқұм үшінші курс курсанты екен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомствоның баспасөз қызметі жас жігіт опат болғаны күні, яғни 2024 жылдың 22 қыркүйегінде кезекті демалыста болғанын нақтылайды.
"Алматы қаласының көпқабатты тұрғын үйінің ауласынан кезекті демалысқа босатылған 3-курста оқитын курсанттың денесі табылды. Өлімінің себебі - биіктен құлау. Полиция органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қайғылы оқиға түрткі мән-жайлар анықталуда", делінген ҰҚК хабарламасында.
Айта кетсек, ҚР ҰҚК Шекара академиясы курсантының қаза тапқаны туралы 2024 жылдың 22 қыркүйегінде таңертең белгілі болды. Алдын ала ақпарат бойынша, 19 жастағы жігіт биіктіктен құлаған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 22 қыркүйек 2024
Ғалымдар Мариан шұңғымасынан шығатын зор дыбыстың көзін тапты
-
17:38, 22 қыркүйек 2024
Еркін күрестен Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан сүйіктісіне ұсыныс жасады
-
16:51, 22 қыркүйек 2024
«Жаңбыр, тұман, найзағай». Еліміз бойынша 23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
-
16:42, 22 қыркүйек 2024
Қоғамдық орында үлкен дәретке отырған елордалық видеоға түсіп қалған
-
15:52, 22 қыркүйек 2024
Иранда шахтада жарылыс болып, 50 адам қаза тапты