Дзюдодан үш спортшымыз Гран-при турнирінің финалына шықты

18:47, 13 қыркүйек 2024

© Сурет: ҰОК

Дзюдодан Қазақстан командасының үш өкілі Загребте (Хорватия) өтіп жатқан Гран-при турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комиетінің мәліметінше, 13 қыркүйекте татамиге шыққан үш қазақстандық дзюдошы да финалға жолдама алды.

Жартылай финалдық бәсекеде Шерзод Давлатов (60 келі) франциялық Энцо Джинді, Ғалия Тынбаева (48 келі) венгриялық Ребека Косщегименді, Жанарыс Рахметқали (66 келі) грузиядық Тенго Зиракашвилиді жеңді.

Финалдық кездесулер бүгін өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!