Тоқаев Путинмен кездесті: Қазақстан мен Ресей көшбасшылары не туралы сөйлесті
© Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 22 желтоқсанда Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Жаңа жыл қарсаңында дәстүрге айналған Петербургтегі кездесуіміз мазмұнды өтті. Біз ЕАЭО қызметіне қатысты бірқатар мәселені қарастырып, шешімдер қабылдадық. ТМД форматы аясындағы ықпалдастықтың аса маңызды, өзекті мәселелері талқыланды. ТМД – беделді әрі заман талабына сай халықаралық ұйым. Биыл өзара ынтымақтастығымыз табысты болғаны сөзсіз. Екіжақты қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. 12 қарашада Ресейге жасаған мемлекеттік сапарым өте нәтижелі өтті. Сол сапар барысында қонақжайлық танытқаныңыз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін". Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент Қазақстан Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық байланыстарға ерекше мән беретінін де баса атап өтті.
"Біз Қазақстан мен Ресей азаматтарының күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қатысты мәселелерде бірге әрекет етуіміз қажет. Ынтымақтастығымыз бен стратегиялық серіктестігімізді нығайтуға бағытталған ортақ жұмысымыз қос халықтың түпкі мүддесіне сай келеді", – деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде Владимир Путин кешеден бері біраз жұмыс атқарғандарын баса атап өтті.
"Бүгінгі бейресми кездесу барысында ҰҚШҰ, ТМД аясындағы қызметімізді және екіжақты ынтымақтастық жағдайын талқыладық. Дегенмен Сізбен Қазақстан және Ресей арасындағы өзара байланыстардың басым бағыттарын дамыту үшін арнайы кездескеніме қуаныштымын. Менің ойымша, барлық сала оң қарқынмен алға ілгерілеп келеді. Екі ел арасында шешілмеген немесе түйткілді мәселе жоқ", – деді Ресей президенті.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысқаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:52, 22 желтоқсан 2025
Елорда билігі әуежай бойынша БАӘ компаниясымен арадағы келісімшартты неге бұзды
-
20:32, 22 желтоқсан 2025
2026 жылы Астанада қай ескі тұрғын үйлер сүрілуге жатқызылады - әкім жауабы
-
20:18, 22 желтоқсан 2025
Астанада жол апатына ұшыраған автобус: екі аяғынан айырылған қыздың қазіргі жағдайы қандай
-
19:56, 22 желтоқсан 2025
Астана әкімі елордада екінші әуежай салынуы мүмкін деген сыбысқа қатысты пікір білдірді
-
19:44, 22 желтоқсан 2025
Астана әкімі құрылыс компанияларына қатысты жазаны қатаңдату керектігін айтты





