Сыр өңірі 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды
© Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қызылорда облысының барлық елді мекендері 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты.
"Мемлекет басшысының елді мекендерді түгелдей орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасы 100 пайыз орындалды. Мысалы, Арал қаласынан 120 шақырым жерде, яғни ең шалғай орналасқан Ақбасты ауылына да су жеткізілді",- деді әкім.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Облыс басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы өңірге жұмыс сапары кезінде Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту туралы тапсырмасын еске ала отырып, қызылордалықтардың арманына айналған көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су қосу мәселесі оң шешімін тапқанын жеткізді.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
"Осы мақсатқа 26 млрд. 200 млн. теңге бөлініп, 423 тұрғын үйге жоба әзірленді. Жобалар 2 кезеңмен іске асырылуда. Бірінші кезеңде 2024 жылы 186 үйді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін Үкімет резервінен 11 млрд.теңге қаржы бөлініп, тұрғын үйлер ыстық суға қосылды. Екінші кезең бойынша 15,2 млрд.теңге қаржыға 237 көпқабатты тұрғын үй ыстық сумен қамтылуда. Осы бағытта биыл Үкімет резервінен бөлінген 5 млрд.теңгеге 61 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су жеткізілді. Сондай-ақ, арнаулы мемлекеттік қордан 10,2 млрд.теңге қаржы бөлінді. Қазіргі кезде тұрғын үйлерді ыстық су жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде",- деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Сонымен қатар, 2022-2024 жылдары "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында 31 млрд. 600 млн. теңгеге 78 ауылдың әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 343 жоба жүзеге асқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:24, 22 желтоқсан 2025
Қызылорда облысында бөтелке мен әк өндіріле бастайды
-
14:16, 22 желтоқсан 2025
Қарағанды облысында мал ұрлаған күдікті құрықталды
-
14:07, 22 желтоқсан 2025
Тоқаев, Димаш және ЖИ: қазақстандықтар 2025 жылдың басты тұлғасы мен негізгі сөзін атады
-
13:54, 22 желтоқсан 2025
Қызылорда облысының әкімі 280 млн доллар инвестиция тартуға уәде берді
-
13:47, 22 желтоқсан 2025
Қазақстанда демалыс пен мереке күндеріндегі жұмыс үшін жалақы қалай есептеледі





