Депутат Төтенше жағдай министрлігі жұмысын минус 5 балға бағалады

14:22, 24 қазан 2024

© Сурет: Zakon.kz/Бауыржан Муканов

Мәжіліс депутаты Ажар Сағандықова ағымдағы жылғы Қазақстан ТЖМ жұмысын минус бес балға бағалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол депутаттық корпус мемлекеттік органдардың жұмысына жиі баға беретінін еске салды.

"Бүгін мен сіздің министрлікке 0-ден 5-ке дейінгі шкала бойынша емес, 0-ден минус 5-ке дейінгі шкала бойынша "минус 5" деген баға бергім келеді. Өрт кезінде адамдар мен құтқарушылар қаза тауып жатыр, бұл министрлік жұмыс істеп жатқан жоқ дегенді білдіреді. Сіздердің басты міндеттеріңіз — адам өмірін түрлі қауіп-қатерден қорғау", — деді Ажар Сағандықова.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов депутаттың бағасын қабылдайтынын, алайда "әділетсіз бағалау" екенін жеткізді.


"Өзімді қоспағанда, вице-министрден бастап қатардағы қызметкерлер, әскери қызметкерлерге дейін өзіне жүктелген міндеттерді күндіз-түні толық көлемде атқарып жүр. Түрлі жағдайда, жүйедегі отыз жылдық қиындықтарға қарамастан, біз нәтижелі жұмыс істеп отырмыз. Бұл – адал қызмет етіп жүргендердің жеңісі. Меніңше, мереке қарсаңында оларға осындай баға беру аса жаға қоймайды", — деді ведомство басшысы.

Бұған дейін Алматыда жойқын жер сілкінісі болған жағдайда жедел мақсаттағы "Алатау" базасы құрылатындығы хабарланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!