Қордай тұрғындары заманауи сараптамалық қызметтерге қол жеткізеді

15:54, 24 қазан 2024

© Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

24 қазанда Республика күні қарсаңында Қордай ауылында санитарлы-эпидемиологиялық бақылау бюросы (СЭББ) жаңа зертханасының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК тапсырысы бойынша жүзеге асырылған. Бұл шара өңірдің қауіпсіздігі мен дамуын нығайтудағы маңызды қадам болды және Қордай тұрғындарына заманауи сараптамалық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Салтанатты ашылу шарасына ҚР ДМ СЭБК басқармасы төрағасының орынбасары Талғат Сүйіндіков, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылықты басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ұлттық сараптама орталығы Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Серік Қаспақасов келіп қатысты.

24 қазанда Республика күні қарсаңында Қордай ауылында санитарлы-эпидемиологиялық бақылау бюросы (СЭББ) жаңа зертханасының салтанатты ашылуы өтті. , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2024 15:54

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Қордай ауданының әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМКФ директорының орынбасары Асель Серик, облысымыздың аудандардағы "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК бөлімшелерінің басшылары, Қордай ауылдық округінің әкімі Әділет Қаспақбаев, "Ұлттық сараптама орталығының" бактериологиялық зертханасының меңгерушісі Бағила Бердалиева, осы орталықтың санитарлық-гигиеналық зертханасының меңгерушісі Гүлмира Жакибаева, "Қордай ауданының құрметті азаматы" Төле Сүгірбай, сондай-ақ аудандағы мекеме басшылары осы оқиғаның куәсі болды.

24 қазанда Республика күні қарсаңында Қордай ауылында санитарлы-эпидемиологиялық бақылау бюросы (СЭББ) жаңа зертханасының салтанатты ашылуы өтті. , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2024 15:54

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қонақтар мен жергілікті басшылардың құттықтау сөздерінен кейін, ақсақал Төле Аманжолұлы ақ батасын берді. Зертхананың салтанатты ашу рәсімі, яғни лентаны кесу Талғат Отарбайұлы, Төле Аманжолұлы және Дамира Маратқызына табысталды.

Зертхана құрылысы биылғы жылдың 5 сәуірінде басталып мерзімінде аяқталған. Жобаның жалпы құны 477 771 269 теңге, қаражат мемлекеттік бюджеттен бөлінген.

24 қазанда Республика күні қарсаңында Қордай ауылында санитарлы-эпидемиологиялық бақылау бюросы (СЭББ) жаңа зертханасының салтанатты ашылуы өтті. , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2024 15:54

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Зертхана екі қабатты жеке ғимарат, құрылыс ауданы 272,4 м² және жалпы ауданы 239,7 м². Ғимараттың өлшемдері 10,8-ге 23,0 метрді құрайды, бұл жұмыс істеуге және заманауи жабдықтарды орналастыруға оңтайлы жағдайды қамтамасыз етеді. Құрылыстың жалпы көлемі 1582,0 м³ болды, бұл зертханалық зерттеулер үшін ыңғайлы және функционалды кеңістік құруға мүмкіндік береді.

24 қазанда Республика күні қарсаңында Қордай ауылында санитарлы-эпидемиологиялық бақылау бюросы (СЭББ) жаңа зертханасының салтанатты ашылуы өтті. , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2024 15:54

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жобаның мердігері М.Сағымбеков басқаратын "Аль Мансур" ЖШС болды. Құрылыс процесінде Е.Батырбековтың жетекшілігімен "Концерн АИ-СУ" ЖШС жүргізген жобалық қадағалау маңызды рөл атқарды. Сонымен қатар, техникалық қадағалауды "ARTERIA" ЖШС (жауапты А. Құрманалиев) жүргізді.

Қордайда СЭҚК зертханасының ашылуы жай ғана жаңа нысан емес, бұл өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін нығайтуға жасалған қадам. Зертханалық диагностикалық әлеуетті арттыру инфекциялардың таралуына байланысты қиындықтарға жедел ден қоюға, адамдардың қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Зертханаға орнатылған заманауи қондырғылар кешенді зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді, бұл сараптамалардың сапасын арттырып, тұрғындар үшін тәуекелдерді азайтады. Қордай ауылындағы жаңа СЭББ зертханасы кең ауқымды тексеруге мүмкіндік беретін заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Қордай кентінде СЭББ зертханасының ашылуы аймақтың еңбекті қорғау инфрақұрылымын дамытуға қосқан елеулі үлес болып табылады және мемлекеттің биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге деген ұмтылысын көрсететін бүкіл облыс үшін маңызды оқиға болып табылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!