Аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілініп, іздеуде болған қазақстандық Армениядан ұсталды

21:49, 23 қазан 2024

© Сурет: polisia.kz

Армения Республикасының полицейлері СҚО полицейлерімен өзара әрекеттесе отырып, өз елінде кісі өлтіруге оқталғаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген қазақстандықты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыркүйек айының соңында Петропавл қаласындағы көпбейінді үшінші қалалық ауруханасына бірнеше пышақ жарақаты бар қала тұрғыны келіп түскен. Медицина қызметкерлерінен хабарлама алғаннан кейін полиция дереу қылмыскерді анықтау және ұстау шараларын қабылдады.


"Бейнебақылау камераларының арқасында жедел қызметкерлер күдіктіні анықтады, бірақ ол қылмыс жасағаннан кейін Ресей Федерациясы жақтан шекарадан өтіп кеткен. Ер адамға мемлекетаралық іздеу жарияланды. ТМД елдеріндегі әріптестерімен жедел ақпарат алмасу кезінде күдіктінің жолын қадағалау мүмкіндігі туды. Қазіргі уақытта күдікті қамауда оны ҚР-ға экстрадициялау шаралары жүріп жатыр", делінген хабарламада.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!