Жаңадан ашылған ең ұзын көпірді салуға қанша ақша кеткені белгілі болды
© Сурет: primeminister.kz
Қазақстандағы ең ұзын көпірдің құны 60 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жылы 23 қазанда ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында көпірдің жобалық-сметалық құжаттамасында жалпы құн 60 млрд теңге деп көрсетілгенін айтты.
"Көпір стратегиялық болып табылады. Көпір мониторингін қамтамасыз ету үшін 102 бейнекамера орнатылған. Әрине, көпірге қызмет көрсетумен жеке бригада айналысады. Стратегиялық қауіпсіздік тұрғысынан екі жағынан блок бекеттер орнатылды. ІІД бөлімшелері жұмыс істейтін болады", - деді Марат Қарабаев.
Айта кетсек, Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін екі жолақты автомобиль көпірінің ұзындығы 1,3 шақырымнан асады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:47, 23 қазан 2024
«Қар аралас жаңбыр жауады». «ҚазАвтоЖол» ауа райына байланысты мәлімдеме жасады
-
20:38, 23 қазан 2024
Қаза тапқандар бар: Түркия астанасында теракт болды
-
20:22, 23 қазан 2024
Мәжіліс Француз даму агенттігі тобының еліміздегі жұмысы туралы келісімді ратификациялады
-
20:07, 23 қазан 2024
Бектенов Республика күні қарсаңында Президент атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті
-
19:53, 23 қазан 2024
Республика күні қарсаңында бірқатар қоғам қайраткері мемлекеттік наградалармен марапатталды