«Қар аралас жаңбыр жауады». «ҚазАвтоЖол» ауа райына байланысты мәлімдеме жасады

20:47, 23 қазан 2024

© Сурет: freepik

23 қазанда "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ қолайсыз ауа райына байланысты көлік тізгініндегі азаматтарға жүгініп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық оператордың мәліметінше, 2024 жылғы 24 қазанда Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Павлодар, СҚО, Қарағанды, Қызылорда және Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Ал Абай және Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.


"Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", делінген хабарламада.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары 2024 жылғы 24-26 қазанға арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!