Астанада Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған көрме ашылды

22:32, 23 қазан 2024

© Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейінде Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған "Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы" тақырыбында көрме өтті. Көрме 23 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы ұйымдастырды.

Көрмеге Алтын Орда кезеңіне жататын кесенелердің безендендірілген кірпіштері, сол кезеңдегі тұлғалардың балауыз мүсіндері, Жошы хан кесенесінің құббасы, Сарайшық қаласынан табылған құмыралар мен ыдыс-аяқтар, ортағасырлық бірегей монеталар, сондай-ақ, тарихи қолжазбалардың көшірмелері, карталар мен картиналар, Жошы ұлысының тарихына қатысты кітаптар және т.б. құнды жәдігерлер қойылды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының аумағында Алтын Орда дәуіріне жататын 10-нан аса тарихи ескерткіш сақталған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!