Маңғыстауда полиция полковнигінің ұлы 10 жылға сотталды
© Сурет: pexels
Батыс Қазақстан облысы полиция бастығы орынбасарының ұлына қатысты есірткі саудасы бабымен қозғалған қылмыстық іс сотта қайта қаралып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Батыс Қазақстан облысы полиция бастығы орынбасарының ұлы алдында алқабилердің қатысуымен болған сотта ақталған. Іс 2024 жылдың 21 қазанда Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен қайта қаралды", деп жазады жергілікті Lada басылымы.
ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 1,3,5-тармақтарымен айыпталған А-ға қатысты, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса iрi мөлшердегі психотроптық заттарды, электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы заңсыз өткізу мақсатында сақтау дерегімен сотқа берілген қылмыстық іс қаралды. Мемлекеттік айыптаушы оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. А және оның қорғаушылары оны ақтауды сұрады
"Іс бойынша А-ның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін не ауырлататын мән-жайлар болған жоқ. Алқабилердің кесімімен аталған қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", делінген сот хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:10, 23 қазан 2024
«Қазан Экспо» көрме орталығында Тоқаевты Путин күтіп алды
-
22:32, 23 қазан 2024
Астанада Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған көрме ашылды
-
22:00, 23 қазан 2024
Атырауда жоғалып кеткен егде жастағы ер адам табылмай жатыр
-
21:49, 23 қазан 2024
Аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілініп, іздеуде болған қазақстандық Армениядан ұсталды
-
21:42, 23 қазан 2024
Ақтөбеде науқас балалардың еміне жиналған ақшаны жымқырды деген айыппен қор басшысы сотталды