Талғар ауданында кәмелетке толмаған қызды топтасып зорлады - полиция түсініктеме берді

16:35, 23 қазан 2024

© Фото: pixabay

Қазнетте бүгін, 2024 жылдың 23 қазанында кәмелетке толмаған баланы топтық зорлау оқиғасы орын алғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы полицейлер түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа қарағанда, ауылда жан түршігерлік қылмыс орын алған. Қазан айының ортасында Тұздыбастау ауылында 18 бен 23 жас аралығындағы төрт ұл 16 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген.

Түсініктеме алу үшін облыстық полицияға жүгінген едік, бізге "кәмелетке толмаған қызды зорлау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады" деп хабарлады.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, төрт күдіктіні де анықтап, ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады.Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің бақылауында". Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматы облысының Талғар ауданында 18 жастағы бойжеткеннің өз өмірін қимақ болғаны хабарланған болатын. Куәгерлердің айтуынша, ол соққыға жығылып, зорланғандықтан мұндай қадамға барған. Бірақ полиция оның "ұрып-соғу және зорлау фактісін жоққа шығарып, арыз беруден бас тартқанын" айтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!