Цирктегі оқыс оқиға: Қарағандыда гимнаст биіктен құлап кетті

09:16, 22 қараша 2026
MKZ: 1579066

© Сурет: pixabay

Қарағандыдағы циркте шоу кезінде гимнаст шамамен бес метр биіктіктен құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға биіктікте күрделі трюкті орындау кезінде болды. Гимнаст ересектер мен балалардың көз алдында манежге құлады. Қимылсыз жатқан оған қарай әріптестері тұра жүгірді. Көрермендер шошып қалды.

Кейін шоу жүргізушісі гимнасттың жағдайы жақсы екенін айтты.

"Дәрігерлер шоудың бірінші бөлімінде жарақат алған артистті тексерді. Оның жағдайы жақсы. Маған сеніңіздер. Аяқ-қолдары, бәрі бүтін, жуырда ол жұмысқа қайта кіріседі", – деді жүргізуші шоу кезінде.

Сондай-ақ, бұл нөмірді Цветной бульвардағы Никулин циркінің Мәскеу халықаралық цирк өнері фестивалінің күміс жүлдегерлері орындағаны белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!