Цифрлық даму министрлігі жеке деректерді қорғау бойынша ұсынымдар жариялады
© Фото: pixabay
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі 2026 жылғы 12 маусымда халықтың жеке деректерін қорғау жөніндегі ұсынымдарды жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, жеке деректер – электрондық, қағаз немесе өзге де материалдық жеткізгіштерде тіркелген, белгілі бір адамға қатысты мәліметтер. Олардың қатарына биометриялық деректер де кіреді.
"Жеке деректер және оларды қорғау туралы" заңға сәйкес, жеке деректер қолжетімділігіне қарай жалпыға қолжетімді және қолжетімділігі шектеулі деректер болып бөлінеді.
Құжатта атап өтілгендей, жалпыға қолжетімді жеке деректерге Қазақстан заңнамасына сәйкес құпиялылық талаптары қолданылмайтын әрі дербес деректер субъектісінің келісімімен еркін қолжетімді болатын мәліметтер жатады.
Ал қолжетімділігі шектеулі жеке деректер – оларға қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамасымен шектелген мәліметтер.
Мұндай деректер қатарына жеке өмірге, отбасына, салыққа, банк қызметіне, коммерциялық қызметке қатысты құпия мәліметтер, медициналық құпия және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар, сондай-ақ құрамында жеке деректер бар кез келген құпия ақпарат кіреді.
Министрлік түсіндіргендей, азаматтың аты-жөні мен жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) қандай да бір құпия ақпаратпен байланыстырылмай жеке қолданылған жағдайда жалпыға қолжетімді жеке деректер болып саналады.
Алайда аты-жөні мен ЖСН қаржылық құпиямен, медициналық құпиямен немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия ақпаратпен бірге пайдаланылса, олар қолжетімділігі шектеулі жеке деректер санатына жатқызылады.
Еске салайық, бұған дейін Астана, Алматы және Қарағанды қалаларындағы азаматтардың жеке деректері халықаралық қылмыстық арнаның қолына түскені туралы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:48, 17 маусым 2026
СҚО-да алаяқтарға банк шоттарын тауып берген бес адам сотталды
-
10:34, 17 маусым 2026
Ақорданың маңындағы балалар алаңын өрт шарпыды
-
10:27, 17 маусым 2026
Атырау облысында патрульдік полицияның көмегімен сәби аман-есен дүниеге келді
-
10:13, 17 маусым 2026
Бибісара Асаубаева Қытайдағы шахматтан әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды
-
10:07, 17 маусым 2026
Үндістанда әйел екі айлық қызын 250 мың теңгеге сатып жіберген





