СҚО-да алаяқтарға банк шоттарын тауып берген бес адам сотталды
© Фото: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысында алаяқтарға банк шоттарын тауып берген 20–25 жас аралығындағы бес адам сотталды.
Заң бұзушылар былтыр шілде айында ұсталған. Тергеу барысында жиналған материалдар олардың интернет-алаяқтықтың 31 эпизодына қатысы барын анықтады.
Шетелде отырған алаяқтар қазақстандықтарға ұялы байланыс операторларының, банк қызметкерлерінің және басқа да ұйымдардың атынан хабарласқан. Олар әртүрлі сылтаумен азаматтарды SMS арқылы келген кодтарды айтуға көндірген.
Одан кейін қылмыстық топтың басқа қатысушылары жәбірленушілерді олардың қаржыларына қауіп төніп тұр деп сендіріп, ірі көлемде несие рәсімдеткен және ақшаны "қауіпсіз шоттарға" аудартқан. Бұл шоттар шын мәнінде дроптардың атына ашылған болған.
Ақша сол шоттар арқылы шетелге шығарылып отырған. Ал осы дроптарды тауып, қылмыстық схемаға тартумен әрбір транзакциядан пайыз алып отырған бес солтүстікқазақстандық айналысқан. Бірқатар қылмысқа көмектескені үшін олар сот алдында жауап берді.
Мамыр айында сот үкімімен айыпталушылар 2 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот жәбірленушілердің талаптарының бір бөлігін қанағаттандырды. Сотталғандар бірнеше эпизод бойынша келтірілген залалды өтеуге міндеттелді.
Бір жағдайда залал 22 млн теңгеден асқан. Басқа талаптар азаматтық тәртіппен қаралуы мүмкін. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:06, 17 маусым 2026
Пәтер ұрыларынан қалай сақтануға болады: полиция кеңесі
-
11:54, 17 маусым 2026
Шаққалиев доллар бағамының Қазақстандағы бағаға әсері туралы пікір білдірді
-
11:45, 17 маусым 2026
Қазақстанға +43°С-қа дейін аптап ыстық келеді
-
11:38, 17 маусым 2026
26.06.2026 күніне 4 мыңнан астам жұп неке қиюға өтініш берді
-
11:29, 17 маусым 2026
АҚШ-та арнайы операция барысында қазақстандық азамат ұсталды





