Тоқаев Үкіметке Алатау қаласының инфрақұрылымына қажетті қаржы бөлуді тапсырды
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Президентке Қытай Халық Республикасында ұйымдастырылған Alatau City Roadshow қорытындысы туралы мәлімет берілді.
Қанат Бозымбаев халықаралық таныстырылым аясында 20 іс-шара мен бірқатар кездесу өткенін айтты. Нәтижесінде жалпы сомасы 6,4 миллиард доллар болатын 30 келісім мен меморандумға қол қойылған. Шэньчжэнь қаласының мэрі Цинь Вэйчжунмен, Гонконг Арнайы әкімшілік ауданының Басшысы Джон Лимен, сондай-ақ ірі халықаралық компаниялардың жетекшілерімен жүздесуде Алатау қаласының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылған.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа жуырда Алматы облысына сапары кезінде берген тапсырмаларын ескере отырып жасалған жұмыс жоспары баяндалды.
Мемлекет басшысы су ресурстары саласындағы жобалардың жүзеге асырылуы, соның ішінде гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту, жаңа су қоймалары мен каналдар салу туралы есепті тыңдады.
Бұдан бөлек, кездесуде "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасының орындалу барысы қарастырылды. Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңартуға 1,1 триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл – тәуелсіздік жылдарында салаға бағытталған ең қомақты сома. Қаржыландыруды отандық және халықаралық қаржы институттары қамтамасыз етеді. Аталған шаралар үш жыл ішінде коммуналдық желілердің тозуын 40 пайызға дейін қысқартады.
Мемлекет басшысы энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларына отандық тауар өндірушілерді кеңінен тарту қажеттігіне назар аударды.
Сонымен қатар Президент еліміздегі, әсіресе, оңтүстік облыстардағы вегетация кезеңін айрықша бақылауды ұстауды тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамытуға арналған орнықты модель қалыптастырудың, дүние жүзінен капитал тартып, инновацияларды игеру үшін қолайлы орта құрудың маңызына тоқталды. Үкіметке Алатау қаласының инфрақұрылымына қажетті қаржы бөлу міндетін жүктеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:38, 16 маусым 2026
«Семей орманы» аумағында бір тәулікте 14 орман өрті шықты: оқиға орнынан видео жарияланды
-
22:16, 16 маусым 2026
Павлодарда баласын азаптап өлтірген ер адам өмір бойына сотталды
-
21:43, 16 маусым 2026
Қазақстан спорттық гимнастикадан Азиада мен әлем чемпионатына жолдамалар үшін таласады
-
21:08, 16 маусым 2026
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы жаңа маусымдағы алғашқы қарсыласы анықталды
-
20:58, 16 маусым 2026
Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады





