Ақмола облысында 12 адамның өліміне себеп болған өрт бойынша тергеу аяқталды
© Фото: zakon.kz
Ақмола облысының арнайы прокурорлары "Центр плова Loft" кафесіндегі өрт фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 26 ақпанында газ баллонының жарылуы және одан кейін өрт шығу оқиғасы орын алған болатын. Нәтижесінде 12 адам қаза тауып, тағы 11 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Сондай-ақ ғимарат иесіне аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірілді.
Қылмыстық жауаптылыққа кафені жалға алушысы, автогаз құю станциясының директоры және газ жеткізуді жүзеге асырған тұлға тартылуда. Олардың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігімен (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) және 306-бабының 3-бөлігімен (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету) сараланды.
Арнайы прокурорлар қауіпсіздік талаптарының бұзылуы мен орын алған ауыр зардаптардың арасында тікелей себеп-салдарлық байланысты анықтады.
Іс бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:22, 22 шілде 2026
Бурабайға демалуға барған бір отбасы мүшелері қайғылы жағдайға ұшырай жаздады
-
21:12, 22 шілде 2026
«Бұршақ түсіп, тұман басады». Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:35, 22 шілде 2026
Жалған аккаунттар мен боттар шабуылы: Құрылтай сайлауы қарсаңында ел азаматтарына ескерту жасалды
-
20:23, 22 шілде 2026
Қостанайда мұз құлап, көлігі зақымданған жүргізуші сотқа жүгініп, 2 млн теңге өндіріп алды
-
19:28, 22 шілде 2026
«Балық аулаймыз деп өздері «қақпанға түсті». Есіл жағалауындағы тосын оқиға





