«Қыздар.нет» сайты иелерінен қандай мүлік табылды
© Сурет: pixabay
Алматы gолиция департаменті атышулы "Қыздар.нет" сайтының иелеріне тиесілі мүліктер туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияның мәліметінше, күдіктілердің атына шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтін сегіз компания тіркелген.
Сонымен қатар, олардың Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында орналасқан қымбат бағалы мүлкі анықталған. Оның ішінде:
- 5 пәтер;
- 6 коммерциялық нысан;
- 6 коттедж;
- 10 жер телімі;
- 6 автотұрақ орны;
- 11 люкс санатындағы автокөлік бар.
Полицияның хабарлауынша, қылмыстық жолмен табылған болуы мүмкін мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету және оны заңдастыру белгілерін анықтау мақсатында күдіктілер мен олармен байланысты компаниялардың мүлкіне қатысты мәмілелер уақытша тоқтатылды. Аталған мүлікке тыйым салынды.
Еске салайық, 2026 жылғы 15 маусымда Алматыда "Қыздар.нет" сайтының ұйымдастырушылары ұсталған болатын. Тергеу мәліметінше, сайт 2011 жылдан бері ақылы интимдік қызметтерді жарнамалау және ұйымдастыру үшін пайдаланылған.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі аталған іске қатысты қосымша мәлімет жариялаған еді. Ведомствоның мәліметінше, сайтта интимдік қызмет көрсететіндердің 9 мыңға жуық сауалнамасы орналастырылған. Оның 500-ден астамы дәстүрлі емес жыныстық бағдардағы адамдар мен трансвеститтердің анкеталары болған.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:12, 22 шілде 2026
«Бұршақ түсіп, тұман басады». Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:35, 22 шілде 2026
Жалған аккаунттар мен боттар шабуылы: Құрылтай сайлауы қарсаңында ел азаматтарына ескерту жасалды
-
20:23, 22 шілде 2026
Қостанайда мұз құлап, көлігі зақымданған жүргізуші сотқа жүгініп, 2 млн теңге өндіріп алды
-
19:28, 22 шілде 2026
«Балық аулаймыз деп өздері «қақпанға түсті». Есіл жағалауындағы тосын оқиға
-
19:21, 22 шілде 2026
«Арасында Қытай азаматтары да бар». ШҚО-да заңсыз алтын өндіру ісі бойынша сот үкімі жарияланды





