Алматыда абаттандыру ережесін бұзған 21 мыңнан астам адам жазаланды
© Сурет: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі
Алматыда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және азаматтардың қоршаған ортаға жауапкершілігін арттыруға бағытталған жалпыұлттық "Таза Қазақстан" бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы Алматы полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшысы Тимур Ноғайбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спикердің айтуынша, бағдарлама мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдерінің, қоғамдық ұйымдардың және қала тұрғындарының күш-жігерін біріктіріп, таза, қауіпсіз әрі жайлы қала ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша абаттандыру ережелерін бұзған 21 013 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ белгіленбеген орындарда сауда жасаған 4 794 азаматқа айыппұл салынған.
Қалалық ортаны ретке келтіруге де ерекше көңіл бөлінген. Тексеру барысында заң талаптарын бұза отырып орналастырылған 312 стационарлық емес сауда нысаны анықталған. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, олардың 148 демонтаж жасалды, қалғандары бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
Алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бағытында да ауқымды жұмыс жүргізілуде. ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша 726 кәсіпкерлік субъектісі жауапкершілікке тартылған, 463-бап бойынша 269 заңсыз кәсіпкерлік фактісі анықталған. Заңсыз айналымнан 20 тоннадан астам алкоголь өнімі тәркіленіп, жойылған.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген 6,6 мыңнан астам ата-ана жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, 179 ойын-сауық орнының қызметінде заң бұзушылықтар тіркелген.
Тимур Ноғайбаевтың айтуынша, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жарақаттанудың алдын алу бағытында тұрақты профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте түсіндіру шаралары, рейдтер және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып отыр.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүргізілген шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан суық қарудың 2 161 бірлігі, соның ішінде пышақтар мен кастеттер тәркіленген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:40, 16 маусым 2026
Нұрбек Оралбай Қытайдағы Әлем кубогы кезеңінің ширек финалында жеңіліп қалды
-
20:27, 16 маусым 2026
Саратов – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті
-
20:01, 16 маусым 2026
Тоқаев Қазақстанның ғарыш саласын дамытудың басым бағыттарын айқындады
-
19:58, 16 маусым 2026
Триатлоннан Қазақстан құрамасының Азия кубогының кезеңіне қатысатын құрамы жарияланды
-
19:46, 16 маусым 2026
Қазақстан волейбол құрамасы AVC Ұлттар кубогына қатысады





