Үндістанда әйел екі айлық қызын 250 мың теңгеге сатып жіберген
© Фото: pexels
Үндістанда екі айлық қызын 50 мың рупийге (шамамен 258 мың теңге) сатып жіберген әйел ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға Тирупаттур округінде болған. Gazeta.ru басылымының Times of India-ға сілтеме жасап хабарлауынша, 35 жастағы Джабина С. осыдан екі ай бұрын мүгедектігі бар күйеуі Шабирден қыз бала дүниеге әкелген.
Кейін әйелдің танысы Рашид А. оны қаржылық қиындықтарды шешу үшін нәрестені сатуға көндірген. 20 мамыр күні ол Джабинаға 50 мың рупий төлеп, сәбиді алып кеткен.
Біраз уақыттан кейін күйеуі баланың қайда кеткенін сұрай бастағанда, әйел Рашидтен қызын қайтаруды талап еткен. Алайда ол бұл өтінішке жауап бермеген. Осыдан соң әйел полицияға арыз жазған.
Тергеу барысында тәртіп сақшылары делдалдар мен баланы сатып алған адамдарды анықтады.
Белгілі болғандай, Рашид сәбиді жүргізуші болып жұмыс істейтін танысына берген. Ал ол өз кезегінде туысы арқылы бала сүйе алмай жүрген ерлі-зайыптылармен байланысқа шыққан. Нәтижесінде 33 жастағы Сатиш пен 27 жастағы Харини нәрестені сатып алған.
Аталған факті бойынша бала саудасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция биологиялық анасын, баланы сатып алған ерлі-зайыптыларды және мәмілеге қатысқан өзге де тұлғаларды қоса алғанда, жалпы алты адамды қамауға алды.
Бұған дейін Үндістанда элиталық тұрғын үй иелері әйелді бірнеше жыл бойы құлдықта ұстағаны туралы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:38, 17 маусым 2026
26.06.2026 күніне 4 мыңнан астам жұп неке қиюға өтініш берді
-
11:29, 17 маусым 2026
АҚШ-та арнайы операция барысында қазақстандық азамат ұсталды
-
11:17, 17 маусым 2026
Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамдары - 17 маусым
-
11:03, 17 маусым 2026
Екібастұзда заңсыз қоқыс төгу әрекетінің жолы кесілді
-
10:59, 17 маусым 2026
Бостандық пен өкініш арасында: колониядағы жас ананың арманы





