Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетті

18:55, 22 қаңтар 2026

© Сурет: olympic.kz

22 қаңтарда Қытайдың Бейжің қаласында мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұздағы би сайысында бұл турнирде Қазақстан атынан Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова өнер көрсетіп жатыр.

Ритмикалық бидің қорытындысы бойынша отандастарымыз 52,39 ұпай жинап, аралық есепте 12-орынға тұрақтады.

АҚШ спортшылары Эмилия Зингас пен Вадим Колесник 79,97 ұпаймен көш бастап тұр.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 23 қаңтарда өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!