Қазақстанда шетелдің бірқатар азық-түлігіне тыйым салынуы мүмкін
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Енді дүкен сөрелерінде кейбір шетелдің азық-түлік өніміне тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жыл басында ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етін сыртқа шығаруға шектеу енгізілетінін хабарлаған. Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл еліміздегі тұтынушыға бағаны қолжетімді ету үшін жасалып жатқан бірден-бір маңызды шара.
КТК мәліметіне сүйенсек, жауапты мамандар қорғаныс министрлігімен бірлесіп жаңа заң жобасын пысықтап жатыр. Олар өз фермерлеріміз етті көбірек өндірсін деген мақсатпен шопандардың баласының төрт түлік төлдейтін уақытта әскерге баруын уақытша кейінге қалдыруды ұсынды. Малшылар 55 жасында әлеуметтік көмек алып, зейнетке де шығуы да мүмкін.
"Біз әр тауарды бөлек қарап шығамыз. Қайсысы тым арзан бағамен сатылып жатқанын тексереміз. Дүкендердегі бағаны сол тауардың Қазақстанда өндірілетін құнымен салыстырамыз. Егер шетелден келген өнім бізде шығаратын бағадан да арзан болса, бұл дұрыс емес. Өйткені ондай арзан тауарлар өзіміздің шаруалар мен кәсіпорындарға зиян келтіреді. Сондықтан егер демпинг бары анықталса, ондай өнімді елге әкелуді шектеу немесе тоқтату қажет". Аманғали Бердалин, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Бұған дейін Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамының тізімі жарияланғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:48, 22 қаңтар 2026
Археологтар миналанған аумақтан алтын толы қазына тапты
-
10:42, 22 қаңтар 2026
Каскелендегі мектепте тоғызыншы сынып оқушысы қайтыс болды
-
10:28, 22 қаңтар 2026
Қазақстандық теннисші Australian Open турнирінде алғаш рет үшінші айналымға өтті
-
10:16, 22 қаңтар 2026
Қайрат Нұртастың қызы үлкен кинода бой көрсетпек
-
10:07, 22 қаңтар 2026
Чехияда жасы 26 мың жыл болатын «ежелгі адамның бет-бейнесі» табылды





